Philips HD6163/00 User Manual Page 51

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 118
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 50
Үйде жасалған фри картобы
Сіз мына жолмен ең дәмді және қытырлақ Француз картопты жасай аласыз:
1 Қатты картопты ұзынша етіп тураңыз да, суық сумен шайыңыз.
Ұзынша туралған картоп тілімдері бір-біріне жабыспайтын болады.
Ескертпе. Ұзынша туралған картоп тілімдерін әбден кептіріңіз.
2 Француз жолымен қуырылатын картопты мынадай ретпен қуырған дұрыс: бірінші 4-6
минут бойы, 160°C температурамен, ал екінші рет 3-4 минут бойы, 175°C
температурамен құырыңыз.
Екінші рет қуырмас бұрын, фри картобын суытып алыңыз.
3 Үйде жасалған фри картобын ыдысқа салып, сілкіп жіберіңіз.
Тазалау
Қуырғышты тазалау немесе қозғалту үшін, өсімдік немесе жануар майының кемінде 4 сағат
сууын күтіңіз.
Құралды тазалау мақсатымен ешқандай қатты тазалау сұйықтықтарын немесе материалдарды
(қыратын жастықшалар) қолдануға болмайды.
Қыздыру элементі орнатылған бақылау панелін ешқашан суға батырмаңыз не болмаса ағын
су астында шаймаңыз.
Ескертпе. Қыздыру элементі орнатылған бақылау панелінен басқа барлық бөліктерді ыдыс
жуғышта немесе біраз тазалағыш сұйықтық қосылған ыстық суда жууға болады.
1 Қақпақты құралдан алыңыз. (Cурет 12)
2 Себетті қуырғыштан шығарыңыз.
3 Қыздыру элементі бар бақылау панелін қуырғыштан алып, оны қауіпсіз құрғақ жерге
қойыңыз. (Cурет 16)
Егер керек болса, бұл бөлікті дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
4 Ішкі ыдысты құралдан жоғары қарай көтеріп шығарып, ішіндегі қалған майды құйып
алыңыз (Cурет 17).
5 Негізін, ішкі ыдысты, қақпақты және қуыру себетін біраз тазалау сұйықтық қосылған
ыстық суда немесе ыдыс жуғышта жуыңыз.
6 Бөлшектерді таза сумен шайып, оларды жақсылап кептіріңіз.
Қуырғышқа май құяр алдында, барлық бөлшектердің құрғақ екенін тексеріңіз.
Сақтау
Қуырғышты тазалау немесе қозғалту үшін, өсімдік немесе жануар майының кемінде 4 сағат
сууын күтіңіз.
1 Барлық бөлшектерді қуырғыш ішіне/үстіне салып, қуырғыш қақпағын жабыңыз.
- Қуырғыш себет сабын ыңғайлық үшін, бүктеп қойсаңыз болады. (Cурет 18)
2 Тоқ сымын орап алып, сым жинап қоятын орынға салыңыз да, шанышқыны шанышқы
бекітіп қоятын орынға қойыңыз. (Cурет 19)
3 Қуырғышты тұтқаларынан көтеріп, сақтайтын жерге қойыңыз (Cурет 20).
ҚАЗАҚША 53
Page view 50
1 2 ... 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 ... 117 118

Comments to this Manuals

No comments