Philips HD6163/00 User Manual Page 48

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 118
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 47
Ескерту.
- Тексеру немесе жөндету үшін, құралды тек Philips компаниясы мақұлдаған қызмет көрсету
орталығына апарыңыз. Құралды өзіңіз жөндейтін болсаңыз, кепілдік өз күшін жояды.
- Құралды көлденең, тегіс және тұрақты бетке қойыңыз.
- Қадағалаушы терезені қолыңызбен ұстамаңыз, себебі ол қуырып жатқанда қатты
қызып кетеді.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құрал дұрыс пайдаланылмаған немесе кәсіби не
жартылай кәсіби мақсатта қолданылған болса, сондай-ақ, нұсқаулықта көрсетілгендей
қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы ешбір зақымға жауапты
болмайды.
- Тағамды қара немесе қоңыр түстен көрі алтын сары түске дейін қуырыңыз және күйіп
кеткен қалдықтарды алып тастап отырыңыз. Крахмалды тамақтарды, әсіресе картоп пен
дәнді дақылдарды 175 °C-тан (акриламид шығарылуын азайту үшін) жоғары температурада
қуыруға болмайды.
- Су немесе/және мұзды майға араласып кетуден сақ етіңіз, себебі бұл майдың қатты
шашырауына немесе көбіршектенуіне әкеліп соғады. Бұл үшін, қуырар алдында міндетті
түрде мұздатылған ингредиенттердегі артық мұзды алып тастап, оларды жақсылап тұрып
кептіріңіз. Себетті тым толтырып жібермеңіз. Тазалап болғаннан соң, қуырғышқа май құяр
алдында барлық бөлшектерді жақсылап тұрып кептіріңіз.
- Құралда азиялық күріш құймақтарын (немесе сол тәрізді тамақты) қуырмаңыз. Өсімдік
немесе жануар майы қатты шашырауы немесе көпіруі мүмкін.
- Қатты қызып және тасып кетпеуі үшін, өсімдік немесе жануар майы міндетті түрде
қуырғыштың ішкі ыдысындағы «MIN» мен «МАХ» көрсеткіштері арасындағы деңгейге
дейін құйылуы тиіс.
- Өсімдік немесе жануар майы құйылмаған құралды қосуға болмайды: зақымдалуы мүмкін.
- Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару құралымен басқарылмайды.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Бірінші рет қолданар алдында
1 Бөлек алынатын бөлшектерді тазалаудың алдында, босатып алыңыз.
2 Барлық бөлшектерді «Тазалау» тармағында суреттелгендей етіп тазалаңыз
3 Барлық бөлшектерді қайта жинаңыз. Бақылау панелі дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз
(«сырт» ете түседі) (Cурет 2).
Пайдалануға дайындау
1 Қуырғыштың қақпағын алыңыз (Cурет 3).
2 Май/сұйық май кестесін оқып, қуырғышқа қанша май құйатыныңызды көріп
алыңыз (Cурет 4).
3 Құрғақ қуырғышқа май, сұйық май немесе ерітілген майды «MIN» және «MAX»
индикаторлары аралығына шейін құйып, қақпағын жабыңыз (Cурет 5).
Құралды май құймастан бұрын қосуға болмайды.
4 Қуырғыш себеттің ұстағышын шығарыңыз («сырт» ете түскенше) (Cурет 6)
5 Себетті ішкі ыдысқа дұрыстап салыңыз (Cурет 7).
6 Қақпағын қайтадан қуырғышқа жабыңыз.
ҚАЗАҚША50
Page view 47
1 2 ... 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 ... 117 118

Comments to this Manuals

No comments