Philips SCD499 User Manual Page 82

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 208
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 81
Зарядтаушыдағы ҚУАТ жарығы тіпті батареялар толық зарядталғанда да жанып тұрады.
Батареялар толығымен зарядталғанда, ата-аналар бөлігін тоқ сымысыз кем дегенде 24
сағат бойы қолдануға болады.
Есте сақтаңыз: 24 сағаттық қызмет уақыты нәресте бөлігі уақыттың тек 25%-те ғана
дыбыстарды жеткізіп, ал басқа уақытта ол күту режимінде тұрады деген болжауға
негізделген (нәресте ешқандай дыбыс шығармағанда).
Есте сақтаңыз: Ата-аналар бөлігінің батареялары алғашқы рет толығымен зарядталғанда,
олар 24 сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді. Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне
тек төрт рет толығымен зарядталып, босатылғанда ғана жетеді.
Есте сақтаңыз: Батерея көрсеткішіндегі батарея белгісі босап , ата-аналар бөлігі бип сигналын
берсе, онда батареялары таусылайын дегені. Ата-аналар бөлігін зарядтаушыға қойыңыз.
Есте сақтаңыз: Егер ата аналар бөлігі зарядтау құрылғысында тұрмаса, онда ата аналар бөлігі
сөндірулі тұрған жағдайда да батареялары жәймен отыра бастайды.

1 Ата-аналар бөлігіне қайта зарядталатын батареяларды салғаныңызды тексеріп алыңыз.
2 Зарядтау құрылғысының адапторын қабырғадағы розеткаға қосып, ата аналар бөлігін
зарядтау құрылғысына қойыңыз. (Cурет 9)
Зарядтаушыдағы ҚУАТ жарығы жанады.

1
Байланысты тексеру үшін, ата аналар бөлігі мен нәресте бөлігін бір бөлмеге
қойыңыз (Cурет 10).
Нәресте бөлігі ата аналар бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта болуы тиіс.
2 Қосу/өшіру 3 түймесін 2 секундтай басып, ұстап тұрыңыз. (Cурет 11)
Түнгі жарық жарқ етіп жанып сөнеді.
Көрсеткіш жарқ етіп жанып, сол уақыттағы бөлме температурасын көрсетеді.
ҚОСУ жарығы жанады.
3 Қосу/өшіру 3 түймесін 2 секундтай басып, ұстап тұрыңыз. (Cурет 12)
Дыбыс деңгейі бір сәтке көгілдір болып жанады.
Көрсеткіш жанып, онда батарея белгісі мен температура көрсеткіші пайда болады.
Ата-аналар бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы сәл қызыл болып жанып тұрып,
артынан, ата аналар бөлігі нәресте бөлігімен байланыс орнатуға тырысып жатқанда
жасыл болып жымыңдай бастайды.
Ата-аналар бөлігіндегі LINK жарығы байланыс құрылғанша жасыл болып жымыңдап
тұрады. Бұл 30 секундтай уақыт алуы мүмкін. Содан соң, ата-аналар бөлігіндегі LINK
жарығы үзіліссіз жасыл болып жанып тұрады (Cурет 13).
Егер байланыс 30 секундтан соң орнатылған болса, LINK байланыс жарығы ата-
ана бөлігінде қызыл болып жымыңдай бастап, ата-аналар бөлігі анда санда бип сигналын
беріп, онда O хабар пайда болады.
4 Нәресте бөлігін өзіңіздің нәрестеңізден ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта
қойыңыз (Cурет 14).
5 Ата аналар бөлігін нәресте бөлігінің байланыс аймағына қойыңыз. Оның нәресте
бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта екендігін тексеріңіз (Cурет 15).
Жұмыс жасайтын аймақ жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін, «Жұмыс жасау аймағы»
тармағын қараңыз.
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
82
Page view 81
1 2 ... 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 ... 207 208

Comments to this Manuals

No comments