Philips HR1896/70 User Manual Page 20

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 60
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 19
- Қабықтарды жинайтын контейнерді құрал жұмыс істеп тұрғанда
алуға болмайды.
- Үлкен ингредиенттерді азық салатын түтікке сыятын бөліктерге
кесіңіз. Шырын сығу алдында жемістерден немесе көкөністерден
сүйектерді, өзектерді, дәнектерді және қалың қабықтарды алыңыз.
- Зақымдалуын болдырмау үшін итергішке тым көп қысым
түсірмеңіз.
- Тамақ түсі бөліктерді өңсіздендіруі мүмкін. Бұл қалыпты және
құрылғының жұмысына әсер етпейді.
- Құрылғының қызмет көрсету мерзімін оңтайландыру үшін
30 минуттан көбірек үздіксіз пайдаланбаңыз.
- Шу деңгейі: Lc = 78 дБ (A).
Ішіне орнатылған қауіпсіздік құлпы
Құрылғы ішіне орнатылған қауіпсіздік құлпымен жабдықталған. Қозғалтқыш блогындағы екі
қауіпсіздік істігі шырын сығу блогын және балдыр контейнерін қозғалтқыш блогына дұрыс
қойған болсаңыз ғана қоса алуыңызды қамтамасыз етеді.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар
мен ережелерге сәйкес келеді.
Бірінші рет пайдалану алдында
Құрылғыны алғаш қолданғанда алдымен барлық бөлшектерді мұқият тазалаңыз
(«Тазалау» тарауын қараңыз).
Ескертпе. Құрылғыны пайдалануды бастамастан бұрын барлық бөлшектердің толығымен
кепкенін тексеріңіз.
Пайдалануға дайындау
Шырын сығу блогын жинау
Құрылғыны қоспай тұрып әрқашан желілік сымды толығымен тарқатыңыз.
1 Балдыр шығысын шырын сығу блогына бекітіңіз және көрсеткі ( Á) «құлыпталған»
көрсеткішін көрсеткенше сағат тілімен бұрыңыз. (Cурет 2)
2 Шырын сығу бұрандасын шырын сығу блогына салыңыз (Cурет 3).
3 Сүзгінің екі бөлігін жинаңыз (Cурет 4).
4 Екі бөлікті сүзгіні шырын сығу бұрандасының үстіне қойыңыз (Cурет 5).
Кеңес: Қара екі бөлікті сүзгіні таза шырын үшін пайдаланыңыз. Егер ішінде талшықтар көбірек,
тұнбалы шырынды жөн көрсеңіз, сұр екі бөлікті сүзгіні пайдаланыңыз.
5 Шүмекті шырын сығу блогына бекітіңіз және көрсеткі ( Á) «құлыпталған» көрсеткішіне
нұсқағанша сағат тілімен бұрыңыз. (Cурет 6)
6 Жидек науасын азық салатын түтікке қойыңыз (Cурет 7).
ҚАЗАҚША20
Page view 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 ... 59 60

Comments to this Manuals

No comments