Philips FC9160 User Manual Page 48

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 47
- Егер құрылғының штепсельдік ұшы, сымы немесе өзге бөлшегіне зақым тиген болса,
құрылғыны қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет
орталығында, Philips ұсынған қызмет орталығында немесе тиісті білімі бар мамандар
алмастыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдардың (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
- Шаңсорғыш қосылып тұрғанда, шлангіні, түтікті немесе басқа қосымша құралдарды көзге
немесе құлаққа апаруға және ауызға салуға болмайды.

- Шаңсорғышты күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды сору үшін
қолданған кезде, шаңмен шаң дорба тесікшелері бітіп қалады. Осының нәтижесінде, шаң
дорбасы толып кетті деген көрсеткіш шаң дорбасы толды деп ескертеді. Бір рет қана
қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз, ал қайта қолданылатын шаң дорбасын
босатыңыз, тіпті ол әлі толы емес болса да («Шаң дорбасын алмастыру/босату» тарауын
қараңыз).
- Моторды қорғайтын сүзгіні орнатпастан, құрылғыны қолдануға болмайды. Моторға зақым
келуі, сондай-ақ құрылғының қызмет мерзімі қысқаруы мүмкін.
- Тек берілген Philips s-bag ` синтетикалық шаң дорбаларын немесе қайта қолданылатын
шаң дорбаларын қолданыңыз (кейбір елдерде ғана бар).
- Мөлдір шыны көрсеткіш панелі қайта өңделетін поликарбонаттан жасалған (>PC/ABS<).
- Шу деңгейі: Lc = 78 dB(A)

Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай
келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі
ғылыми дәлелдерге негізделе отырып, құрал қолдануға қауіпсіз деуге болады.


1 Шлангыны қондыру үшін, оны құрылғыға қатты итеріңіз («сырт») (Cурет 2).
2 Шлангыны ажырату үшін, түймелерді басып, шлангыны құрылғыдан тартыңыз (Cурет 3).

1 Құбырды қол сабына жалғастыру үшін, қол сабындағы серіппелі бекіту түймесін басып,
қол сабын құбырға кіргізіңіз. Серіппелі бекіту түймесін құбырдағы ашық жерге бекітіңіз
(«сырт» ете түседі) (Cурет 4).
2 Құбырды шлангының сабынан ажырату үшін, серіппелі құлпы түймесін басып, сапты
құбырды суырып тартып алыңыз.
3 Шаң сорып жатқанда құбырды өзіңізге ең ыңғайлы болып келетін ұзындыққа
сәйкестендіріп алыңыз. Екі сақинаның біреуін төмен қарай итеріп, сақинаның үстіндегі
құбыр бөлігін жоғары қарай тартыңыз немесе төмен қарай итеріңіз (Cурет 5).
Құбырды ұзартып жатқанда бетіңізден алшақ ұстаңыз. Құбыр өте ұзын.

Үш белсенділікті саптама — кілем мен қатты едендерге арналған көп мақсатта қолдануға
болатын саптама.
48
Page view 47
1 2 ... 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments