Philips HD9160/00 User Manual Page 100

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 242
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 99
- Тамақты бумен пісіру ыдысынан алу үшін, ұзын сапты ас үй
құралдарын пайдаланыңыз.
- Бумен пісіру ыдысын шығарғанда, ондағы жиналған суды астындағы
ыдысқа немесе тамшы науасына ағызыңыз.
5 Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткадан ажыратып, тамшы
науасын (1) алмас бұрын, бумен пісіргішті толық суытып алыңыз.
Тамшы науасын (1) алғанда, абай болыңыз. Құралдың басқа бөліктері
суығанмен, су ыдысындағы және тамшы науасындағы су әлі де ыстық
болуы мүмкін.
Тамшы науасын (1) абайлап ұстаңыз. Қолдан тайып кетуі мүмкін.
6 Әр қолданыстан кейін, су ыдысындағы суды негізгі бөліктің
бүйіріндегі шүмек арқылы ағызып жіберіңіз.
Ескертпе: Егер тағы тамақ пісіргіңіз келсе, таза қунақы су құйыңыз.

Әртүрлі уақытта пісірілетін тағамдарды дайындау үшін, төмендегі
нұсқауларды орындаңыз.
1 Таймерді ең ұзақ пісіру уақытына қойыңыз.
2 Ең ұзақ пісіру уақытына қойылған тамақты бумен пісірудің
кішкентай ыдысына (2), ал қысқа пісіру уақытына қойылған
тамақты орташа ыдысқа (3) салыңыз.
3 Тамшы науасын (1) және бумен пісірудің кішкентай ыдысын (2)
құралдың негізгі бөлігінің үстіне қойып, ыдыстың бетін қақпақпен
жабыңыз.
4 Дисплейде көрсетілген қалған пісіру уақыты ең қысқа пісіру
уақытына жеткенше, START/STOP («ҚОСУ/ӨШІРУ») түймесін
басып, пісіруді бастаңыз.
5 Қақпақты қолғаппен абайлап алып, бумен пісірудің орташа
ыдысын (3) кішкентай ыдыстың (2) үстіне қойыңыз.
6 Орташа ыдысты (3) қақпақпен жауып, пісіру уақыты аяқталғанша
бумен пісіру процесін жалғастырыңыз.
Бұл процесті пісіру уақыттары әртүрлі үш тағам түрін пісіру үшін де
қолдануға болады.

Gentle Steam режимі тамақты балық пісіруге оңтайлы температура
болып есептелетін 80 °C температурада ақырын пісіреді.
Осы температурада балық етінің нәзік құрамы мен дәмі сақталады.
Gentle Steam режимінде тамақ пісіру керек болғанда, ең жақсы түрде
пісіру үшін, ыдысты тікелей негізгі бөліктің үстіне қоюды ұсынамыз.
Ескертпе: Gentle Steam режимі басқару тұтқасы балықты пісіруге
арналған пісіру режиміне орнатылғанда ғана жұмыс істейді.
Ескертпе: Gentle Steam режимінде балыққа/күрішке арналған ыдыс (5)
қолданылатын болса, пісіру уақыты ұзағырақ болады. Дастарханға
қоймас бұрын, пісірілген балықтың дайындығын тексеріңіз.
100
Page view 99
1 2 ... 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 ... 241 242

Comments to this Manuals

No comments