Philips HD9225 User Manual Page 61

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 156
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 60
- Бұл құралды жасы сегізге толған немесе одан үлкен балалар, мүмкіндігі әрі ойлау қабілеті
шектеулі және білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз адамдар қауіпсіздігіне жауап беретін
адамның қадағалауымен немесе құралды пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана
қолдана алады.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Қосылып тұрғанда немесе суып жатқанда, құрал және оның қуат сымы жасы сегізге
толмаған балалардың қолы жетпейтін жерге қойылу керек.
- Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.
- Су қолмен құралды розеткаға жалғауға және басқару тақтасымен жұмыс істеуге болмайды.
- Құралды тек жерге қосылған қабырға розеткасына жалғаңыз. Штепсельдік ұштың розеткаға
жөндеп жалғанғанын тексеріңіз.
- Қауіпті жағдай туғызбас үшін, бұл құралды таймер арқылы жұмыс істейтін сыртқы
ажыратқышқа жалғамаңыз.
- Құралды дастарқан немесе перде сияқты тез жанатын материалдардың үстіне немесе
жанына қоймаңыз.
- Құралды қабырғаға немесе басқа құралдарға тақап қоймаңыз. Құралдың артқы жағында,
шеттерінде және үстіңгі жағында кем дегенде 10 см бос орын қалу керек. Құралдың үстіне
ешнәрсе қоймаңыз.
- Құралды нұсқаулықта көрсетілмеген басқа мақсаттарда пайдаланбаңыз.
- Істеп тұрғанда, құралды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
- Ыстық ауамен қуырғанда, ауа шығатын тесіктерден ыстық бу шығады. Қолыңыз бен бетіңізді
будан және ауа шығатын тесіктерден қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. Табаны
құралдан шығарғанда да ыстық бу мен ауаға күйіп қалмаңыз.
- Пайдалану барысында құралдың ұстауға келетін жерлері ысып кетуі мүмкін (Cурет 2).
- Қара түтін шығып жатса, құралды дереу ажырату керек. Табаны құралдан шығармас бұрын,
түтін толық шығып болғанша күтіңіз.
- Аэрогрильге салынғанда, пісіру науасының барлық жері ысып кетеді. Пісіру науасын әрдайым
қолғаппен ұстаңыз.

- Құралды көлденең, тегіс және тұрақты бетке қойыңыз.
- Бұл құрал тек үйде пайдалануға арналған. Дүкен, кеңсе, ферма сияқты жұмыс орындарының
асханасы сияқты орталарда қолдануға жарамайды. Қонақ үй, мотель, жатақ пен таңғы ас
берілетін орындар, басқа да тұрғылықты орталарда қолдануға да болмайды.
- Құрылғыны дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса,
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады
және Philips компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас
тартады.
- Тексеру немесе жөндету үшін, құралды тек Philips компаниясы мақұлдаған қызмет көрсету
орталығына апарыңыз. Құралды өзіңіз жөндейтін болсаңыз, кепілдік өз күшін жояды.
- Қолданып болған соң құралды міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
- Ұстамас немесе тазаламас бұрын, құралды 30 минуттай суытып алыңыз.
- Осы құралда пісірілген азық-түліктер қошқыл немесе қоңыр емес, алтын сары түсті болып
шығуын қадағалаңыз. күйген қалдықтарды кетіріңіз. Жас картоптарды 180°C-тан жоғары
температурада қуырмаңыз (акриламидтің бөлініп шығуын барынша азайту үшін).

Құралда таймер бар. Таймер уақыты 0 көрсеткішіне келгенде, қоңырау дыбысы беріліп, құрал
автоматты түрде өшеді. Құралды қолмен өшіру үшін, таймер дөңгелегін сағат тіліне қарсы
айналдырып, 0 көрсеткішіне апарыңыз.
 61
Page view 60
1 2 ... 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 ... 155 156

Comments to this Manuals

No comments