Philips HP6581/02 User Manual Page 118

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 299
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 117
Батареялардың заряды төмен немесе жоқ
- Батареялардың заряды толығымен дерлік біткенде, зарядтау шамы
қызыл болып жыпылықтай бастайды. Бұл жағдай орын алғанда,
батареяларда жұмысқа әлі де бірнеше минутқа жететін заряд
болады.
- Батареялардың заряды толық біткенде, құрылғы жұмысын тоқтатады
және заряд шамы үздіксіз қызыл түспен жанады. Эпиляторды
зарядтаудың жолын жоғарыдағы «Зарядтау» бөлімінен қараңыз.
Эпиляторды пайдалану
Құралды алғаш қолданар алдында, эпилятор басын тазалаңыз және
құралды толық зарядтаңыз.
Ескертпе: Құралды розеткаға қосылып тұрғанда пайдалану мүмкін емес.
Эпиляция жасаудың кеңестері
- Ылғалды: эпиляцияны жаңадан бастап жүрген болсаңыз, эпиляцияны
дымқыл теріге жасаған жөн. Су теріні босаңсытып, эпиляцияны
ауырмайтын әрі нәзік етеді. Бұл құрылғы су өткізбейді және оны
ваннада немесе душта қолдануға болады.
- Ылғалды: Қажет болса, кәдімгі душ гелін немесе көбігін пайдалануға
болады.
- Құрғақ: эпиляцияны құрғақ теріге жасаған жағдайда, оны ваннадан
немесе душтан жаңа шыққан бетте жасаған оңай болады.
- Құрғақ: теріңіздің таза және майлы болмағанын тексеріңіз.
Эпиляцияны бастамас бұрын теріге крем жақпаңыз.
- Жалпы: Эпиляцияны кешке жасауды ұсынамыз, өйткені таң атқанша
терінің тітіркенуі әдетте кетеді.
- Жалпы: эпиляцияны 3-4 мм ұзындықтағы түктерге жасаған ыңғайлы
әрі қолайлы. Түктер ұзындау болса, алдымен қырып тастап,
қайта өскен түктерді 1 немесе 2 аптадан кейін эпиляциямен
кетіруді ұсынамыз. Сонымен қатар, түктерді 3-4 мм ұзындыққа
реттеуге болады.
- Жалпы: тері созғышты қолдарда немесе аяқтардың жоғарғы
бөлігінде керіп ұстау үшін пайдаланыңыз. Тері созғыш эпиляциялау
кезіндегі ауыруды азайтады.
3-4 mm
ҚАЗАҚША118
Page view 117
1 2 ... 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 ... 298 299

Comments to this Manuals

No comments