Philips HD9189 User Manual Page 77

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 204
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 76
- Құралды тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз. Штепсельдік ұштың розеткаға дұрыс
жалғанғанын әрдайым тексеріңіз.
- Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқаруға
арналмаған.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы
керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Қуат сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Құрал тұрған беттің немесе
үстелдің шетінен қуат сымы салбырап тұрмауы тиіс.
- Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.
- Құралды розеткаға жалғамас бұрын, ток сымын негізгі бөліктегі орауыштан толығымен
босатып алыңыз.
- Тоңазытылған етті, тауықты немесе теңіз тағамдарын бумен пісіруге болмайды. Бумен
пісірмес бұрын, міндетті түрде ерітіп алыңыз.
- Бумен пісіргішті тамшы науасынсыз қолдануға болмайды. Ыстық су құралдың сыртына
төгілуі мүмкін.
- Бумен әзірлеу табақтарын және сорпа ыдысын (тек HD9190 үлгісінде) түпнұсқа негізбен
бірге ғана қолданыңыз.

- Бұл құрал тек үйде пайдалануға арналған. Дүкен, кеңсе, ферма сияқты жұмыс орындарының
асханасы сияқты орталарда қолдануға жарамайды. Қонақ үй, мотель, жатақ пен таңғы ас
берілетін орындар, басқа да тұрғылықты орталарда қолдануға да болмайды.
- Құрылғыны дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса,
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады
және Philips компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас
тартады.
- Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған
қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің
кепілдігі өз күшін жояды.
- Құралдың негізгі бөлігін температурасы жоғары , ыстық газы, буы бар, сондай-ақ, бумен
пісіргіштің өзінен тыс басқа құралдардан шығатын ылғалды ыстығы бар жерде сақтамаңыз.
Бумен пісіргішті жұмыс жасап тұрған немесе ыстық плитаның немесе пештің үстіне немесе
жанына қоюға болмайды.
- Жұмыс істеп тұрған құралды қабырғалар мен ыдыс-аяқ салатын шкафтар сияқты бумен
зақымданатын заттардың астына немесе жанына қоюға болмайды.
- Құралды жарылатын және/немесе жанатын булар бар жерде қолдануға болмайды.
- Бумен пісіргішті тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойып, оның қатты ысып кетуін
болдырмау үшін, айналасында кемінде 10 см бос жер қалдырыңыз.
- Әрқашан алынбалы ыдыс түптерін бумен әзірлеу табақтарына жоғарғы жағынан бастап
қойыңыз. Ыдыс түптерін дұрыс орналастыру үшін алдымен бір жағын табаққа төмендетіңіз,
содан кейін екінші жағын түп орнына («сырт» етіп) түскенше төмендетіңіз. Түптегі
шығыңқы жер жоғары қарап тұрғанын тексеріңіз. (Cурет 2)
- Бумен пісіру барысында, жылы күйінде сақтау режимінде болғанда немесе қақпағын ашқанда
бумен пісіргіштен шығатын ыстық будан абай болыңыз. Тамақты тексергенде, сабы ұзын ас
үй құралдарын қолданыңыз.
- Бумен пісіргіш істеп тұрғанда, оның үстінен еңкеймеңіз.
 77
Page view 76
1 2 ... 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 ... 203 204

Comments to this Manuals

No comments