Philips HP6570/00 User Manual Page 8

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 7


Ескертпе: Бірінші қолданудан бұрын, эпилятордың эпиляция жасайтын басын әрдайым тазалап
тұрыңыз.
- Құралдарды алғаш рет қолданғанда, эпиляцияға бейімделу үшін, алдымен түктері аз жерде
қолданып көрген жөн.
- Эпиляцияны жатар алдында жасауды ұсынамыз, өйткені таң атқанша терінің тітіркенуі
әдетте кетеді.
- Эпиляцияны ванна немесе душ қабылдаған бойда жасаған оңайға түседі. Эпиляция
бастаған кезінде теріңіз түгелдей кебу болуы тиіс.
- Денеңіздің таза, толығымен кебу және майлы емес екендігіне көзіңізді жеткізіп алыңыз.
Эпиляция жасар алдында ешқандай крем қолданбаңыз.
- Түк ұзындығы 3–4 мм болғанда, эпиляция жасау оңай әрі жайлы болады. Егер түктер бұдан
ұзын болса, алдымен қырынып, 1-2 аптадан кейін қайта шыққан қысқа түктерді
эпилятормен жұлуды немесе түктерді осындай ұзындыққа келтіру үшін қыру, тегістеу және
үлгілеу қосымшасын пайдалануды ұсынамыз (тек HP6572).
- Түктер әр түрлі өсетіндіктен, эпиляцияны алғаш рет жасағанда бірнеше күн қатар жұлған
жөн. Түктер ұзақ уақыт бойы түксимейді, себебі түктер бір уақытта және бірдей
қарқынмен өсе бастайды.
- Жеткізілгенде эпилятордың негізгі эпиляция ұшы орнатулы болады. Ыңғайлы ұшты немесе
массаж жасайтын белсенді түк жұлғыш құралды пайдалану үшін, негізгі эпиляция ұшын
құралдан шешіп, ыңғайлы ұшты немесе массаж жасайтын белсенді түк жұлғыш құралды
орнатыңыз («Эпиляторды пайдалану» тарауындағы «Аяқтағы түктерді жұлу» бөлімін
қараңыз).

- Эпиляция кезінде теріні бос қолмен тартып тұрыңыз. Бұл әрекет түктерді көтереді және
жұлғанда ауыртпайды.
- Жақсы нәтижеге жету үшін қосу/өшіру түймесі эпилятор жүргізілетін бағытта
орнатылып, эпилятор басы теріге тік (90°) орнатылуы керек. Құралға күш салмастан түк өсу
бағытына қарсы баяу әрі тұрақты жүргізіңіз.
- Кейбір жерлерде түк түрлі бағыттарға қарай өсуі мүмкін. Бұл жағдайда, жақсы нәтижеге
қол жеткізу үшін құралды түрлі бағыттарға қарай жылжыту пайдалы болуы мүмкін.
- Эпиляция барысында терлеген жағдайда, теріні жұмсақ орамалмен құрғату қажет.
- Ыңғайлы ұшты пайдаланғанда тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін теріні дайындау құралының
екі доңғалақшаның терімен дұрыс жанасуын қадағалаңыз.
- Массаж жасайтын белсенді түк жұлғыш құралды пайдаланғанда, массаж доңғалақшасының
және түк жұлғыш құралдың терімен толық жанасуын қадағалауыңыз керек. Массаж
доңғалақшасы түктердің оңай жұлынуы үшін теріні жұмсартып, босаңсытады.

- Теріні босаңсыту үшін, ыңғайына қарай, эпиляциядан кейін немесе бірнеше сағат өткен соң
ылғалдандыратын крем жағуды ұсынамыз.
- Эпиляциядан кейін 24 сағат өткенде түлеуге арналған губка немесе крем жиі
пайдаланғанда (мысалы, шомылғанда) түктер терінің ішіне өспейтін болады. Ысқылау
әрекеті терінің жоғарғы қабатын жойып, жіңішке түктер тері бетіне шығады.

1 Құралшынышқысынқұралдыңтүбінеқосып,адаптордықабырғадағырозеткаға
қосыңыз.
8
Page view 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments