Philips FC8812/01 User Manual Page 182

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 202
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 181
Тазалау уақыты түймелерін пайдалану
-
Әдепкі бойынша қайта зарядталатын батарея заряды төмендегенше,
робот авто тазалау режимінде тазалайды. Одан кейін робот қондырма
станцияға автоматты түрде оралады. Егер басқа тазалау әрекеттерінің
бірі таңдалса (төменнен қараңыз), қашықтан басқару құралынан
максималды тазалау уақыты түймесін басумен әдепкі режимге орала
аласыз.
-
Қашықтан басқару құралындағы басқа тазалау уақыты түймелері сізге
роботқа сәйкесінше 60, 45 және 30 минут бойы жұмыс істетуге мүмкіндік
береді. Тазалау уақыты аяқталғанда, робот қондырма станцияға оралады.
Дисплейде қондырма станцияға қою белгішесі жанады.
-
Егер роботтың тазалау уақыты аяқталған кезде қондырма станцияға
оралуын қаламасаңыз, тазалау уақыты түймесін екі рет басыңыз.
Дисплейден қондырма станцияға қою белгішесі жойылады. Тазалау
уақыты аяқталса, робот тоқтайды.
Қондырма станциясын басқару
Сағат
уақыты мен күнді орнату
Тазалау бағдарламаларын пайдаланғыңыз келсе, алдымен қондырма
станция дисплейінде сағат уақыты мен апта күнін орнату керек.
Ескертпе: Төмендегі қадамдарға жататын суреттер үшін осы нұсқаулықтың
артындағы беттерді қараңыз.
1 Орнату түймесін басыңыз. Орнатылған режим индикаторы және сағат
уақытының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2 Таңдау түймесін бір рет басыңыз. Сағат көрсеткіші жыпылықтай
бастайды.
3 Сағатты орнату үшін қондырма станциядағы + және - түймелерін
басыңыз. Орнатылған сағат дисплейде көрсетіледі.
4 Орнатылған сағатты растау үшін таңдау түймесін басыңыз. Енді минут
көрсеткіші жыпылықтай бастайды.
5 Минут орнату үшін қондырма станциядағы + жәнетүймелерін
пайдаланыңыз. Дисплейде орнатылған минут пайда болады.
6 Орнатылған минутты растау үшін таңдау түймесін басыңыз. Жексенбі
үшін «Su» көрсеткіші жыпылықтай бастайды.
7 Аптаның ағымдағы күнін орнату үшін қондырма станциядағы + және -
түймелерін пайдаланыңыз.
8 Апта күнін растау үшін таңдау түймесін басыңыз.
9 Апта параметрінің сағат уақыты пен күнді растау үшін орнату түймесін
басыңыз. Орнатылған режим индикаторы және сағат уақыты
индикаторының жыпылықтауы тоқтап, тұрақты жанады.
182
Қазақша
Page view 181
1 2 ... 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 ... 201 202

Comments to this Manuals

No comments