Philips FC8776/01 User Manual Page 165

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 178
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 164
Абайлаңыз: Шаң контейнерін және суды сумен немесе ыдыс жуу машинасында тазаламаңыз.
5 Сүзгіні қайтадан шаң контейнеріне (1) салыңыз. Содан кейін шаң контейнерін (2) (сурет 37)
қақпақпен жабыңыз.
6 Шаң контейнерін шаң контейнері бөліміне қойыңыз және роботтың (сурет 38) үстіңгі қақпағын қайта
жабыңыз.
Абайлаңыз: Әрқашан шаң контейнерінің ішінде сүзгі бар екенін тексеріңіз. Егер роботты шаң
контейнерінің ішінде сүзгі болмай пайдалансаңыз, қозғалтқыш зақымдалуы мүмкін.
Робот тазалау
Жақсы тазалау өнімділігін сақтау үшін кейде құлау датчиктерін, дөңгелектерді және бүйірлік
щеткаларды және сору саңылауын тазалап тұру керек.
1 Роботты еден бетіне аударыңыз.
2 Құлау датчиктерінен (сурет 39) кірді немесе мамықты кетіру үшін қылдары жұмсақ щетканы
(мысалы, тіс щеткасын) пайдаланыңыз.
Ескерту: Құлау датчиктерін жүйелі түрде тазалау керек. Құлау датчиктері лас болса, робот биіктік
айырмашылықтарын немесе баспалдақтарды анықтамауы мүмкін.
3 Алдыңғы дөңгелектен және бүйірлік дөңгелектерден (сурет 40) кірді немесе мамықты кетіру үшін
қылдары жұмсақ щетканы (мысалы, тіс щеткасын) пайдаланыңыз.
4 Бүйірлік щеткаларды тазалау үшін щеткалардан ұстаңыз және біліктерден (сурет 41) тартып
алыңыз.
5 Мамықты, шашты және жіптерді біліктен және бүйірлік щеткадан жұмсақ щеткамен (мысалы, тіс
щеткасымен) немесе шүберекпен кетіріңіз (сурет 42).
6 Бүйірлік щеткаларда және роботтың түбінде еденді зақымдауы мүмкін үшкір заттардың бар-жоғын
тексеріңіз.
7 Біліктерден бүйірлік щеткаларды алғаннан кейін көрсеткілермен белгіленген орындарға саусақ
салумен TriActive XL саптамасының байланыстарын үзіп, TriActive саптамасын роботтан тартып
шығарыңыз (сурет 43).
8 Сору саңылауын жұмсақ щеткамен тазалаңыз (мысалы, тіс щеткасы) (сурет 44).
9 TriActive саптамасынан (сурет 45) барлық көрінетін кірді жойыңыз.
10 TriActive саптамасының бекіту ілмектерін робот (сурет 46) түбіндегі саңылауларға салыңыз.
TriActive саптамасын кері орнына басыңыз. Саптаманың жоғары және төмен бірнеше миллиметрге
жылжитынын тексеріңіз.
Ауыстыру
Қосалқы құрылғыларға тапсырыс беру
Қосалқы құрылғылар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін, www.shop.philips.com/service сайтына
кіріңіз немесе Philips дилеріне барыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік парақшасынан
қараңыз).
Сүзгіні ауыстыру
Егер өте ластанса немесе зақымдалса, сүзгіні ауыстырыңыз. Жаңа сүзгіге FC8012 тапсырыс нөмірі
бойынша тапсырыс беруге болады. Сүзгіні шаң контейнерінен алу және шаң контейнеріне салу
туралы нұсқауларды «Тазалау және күту» тарауындағы «Шаң контейнерін босату және тазалау»
бөлімінен қарауға болады.
165
Қазақша
Page view 164
1 2 ... 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 ... 177 178

Comments to this Manuals

No comments