Philips HD9140 User Manual Page 59

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 144
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 58
Күйіп қалмас үшін қақпақты, XL бумен пісіру табағын және табақтарды алып жатқанда ас үй
қолғаптарын кийіңіз. Қақпақты жайлап, өзіңізден аулақ ұстап ашыңыз. Қақпақтағы су бумен
пісіру табағына таматын болсын.
6 Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткадан ажыратып, тамшы науасын алмас бұрын,
бумен пісіргішті толық суытып алыңыз.
- Тамшы науасын алғанда, абай болыңыз. Құралдың басқа бөліктері суығанмен, су
ыдысындағы және тамшы науасындағы су әлі де ыстық болуы мүмкін.
7 Әр қолданған сайын, су ыдысындағы суды төгіп отырыңыз.
Ескертпе. Қосымша тамақ пісіру керек болса, жаңадан таза су құйыңыз.

Бумен пісіргіш кез келген бағдарлама соңында автоматты түрде жылы сақтау режиміне
ауысады. Тамақ 20 минут бойы жылы күйде сақталады. Жылы сақтау түймесінің айналасындағы
жарық шеңбері жанып, мәзір түймесінің айналасындағы жарық шеңбері сөнеді.
- Тамақты 20 минуттан артық жылы сақтау керек болса, алғашқы жылы сақтау циклы
біткеннен кейін 1 минут ішінде қосу/тоқтату түймесін басып, келесі циклды бастауға
болады (Cурет 14).
- Егер қосылып тұрған жылы сақтау режимін ажырату керек болса, қосу/тоқтату түймесін
басыңыз.
- Құрал өшіп тұрғанда немесе автоматты түрде өшкеннен кейін, жылы сақтау циклын бастау
үшін, қосу/тоқтату түймесін басып, жылы сақтау түймесін басыңыз (Cурет 16).

Су ыдысындағы су деңгейі «MIN» деңгейінен төмен түссе, «Қайта толтыру» жарығы
жыпылықтайды және сигнал беріліп, су ыдысын толтыру керек екенін білдіреді.

Құралды тазалағанда, қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау құралдарын, жанармай немесе
ацетон тәріздес сұйықтықтарды қолданбаңыз.
1 Қуат сымын қабырғадағы розеткадан ажыратып, құралды суытыңыз.
2 Негізгі бөліктің сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Негізгі бөлікті суға батыруға немесе оны ағынды сумен шаюға болмайды.
Негізгі бөлікті ыдыс жуғышта жууға болмайды.
3 Су ыдысын жуу сұйықтығы қосылған жылы суда суланған шүберекпен сүртіңіз. Су
ыдысындағы електі көтеріп, тазалаңыз. Содан соң, су ыдысын дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
Елек шығып кеткен болса, балалар жұтып қоймас үшін, олардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
4 2 және/немесе 3-бумен пісіру табағының түбін алып тастаңыз. 1,2 және 3-бумен пісіру
табақтарын, XL бумен пісіру табағын және қақпақты қолмен немесе қысқа уақыт
циклын және төмен температураны орнатып, ыдыс жуғыш машинада жуыңыз.
1, 2 және 3-бумен пісіру табақтарын, XL табағын және қақпақты қайта-қайта ыдыс жуғышта
жуа берсе, өңдері кетуі мүмкін.

Құралды әр 15 сағат қолданғаннан кейін, қақтан тазалап тұру керек. Қақтан тазалау жарығы 1
сағат жыпылықтап, құралды қақтан тазалау керек екенін білдіреді. Бумен пісіргіштің жұмысын
жақсарту және жұмыс мерзімін арттыру үшін, құралды жүйелі түрде қақтан тазалап тұру керек.
 59
Page view 58
1 2 ... 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 ... 143 144

Comments to this Manuals

No comments